Аймақта коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілді. Бүгінде облыста жалпы жағдай тұрақты. Медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуді.
Қазір 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды. Қызылорда қаласында 200 орындық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүріп жатыр. Көпбейінді облыстық ауруханада және Қазалы ауданаралық ауруханасында демеушілер есебінен оттегі станциясы салынуда.
– Тез соғылатын модульді инфекциялық аурухананың құрылысы желтоқсан айының бірінші онкүндігінде аяқталады. Онда науқастардың ем алуына толық жағдай жасалынады. Жергілікті жердің дәрігерлері жұмыс істейтін болады, – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.
Жыл басында облыста өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратының саны 76 болса, қазіргі таңда 244-ге жетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<