Облыста өңдеу өнеркәсібі 12,4 пайызға өскен

816

0

Облыста индустрияландыру бағдарламасының ІІІ-ші бесжылдығы аясында 7 мыңнан аса жұмыс орны ашылатын 46 жоба жүзеге асуда. Он айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,3 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі 12,4 пайызға өскен. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев хабарлады.

«Биылғы жылы индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 4 жобаны іске қосуды жоспарлаудамыз. Бұл 400-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Сырдария ауданындағы қуаттылығы жылына 630 тонна күріш ақтау цехының құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Сондай-ақ, Арал ауданындағы ас тұзы зауыты мен Жаңақорған ауданындағы қуаттылығы 3 млн дана керамзит өндірісінің құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Төртінші жоба – облысымыздың құрылыс индустриясындағы ірі жобалардың бірі – шыны зауыты. Бұл зауыттың құрылыс жұмыстары желтоқсан айында бітеді деп көзделуде», – деді басқарма басшысы Ринат Қалдыбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<