Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.06.2015 ж. №7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ветеринария басқармасымен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда:
1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» – ҚР 16.05.2014 ж. № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес;
2. Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру – ҚР АШМ 23.01.2015 ж. №7-1/37 бұйрығына сәйкес реттеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында стандартта көзделген құжаттар топтамасынан өзге артық құжат талап ету немесе заңбұзушылыққа жол беру фактілері орын алған жоқ.
2018 жыл басынан «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету түрі бойынша 59 ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне есептік нөмір берілді.
Ал, ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша 1 лицензия рәсімделді.
Ветеринария саласының негiзгi мiндеттеріне жануарларды аурулардан қорғау және емдеумен қатар, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады. Сондай-ақ, ҚР аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластауының алдын алу және оны жою, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру кіреді.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін шаруа қожалықтары мен өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер және ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия рәсімдеудің маңызы өте үлкен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында стандартта көзделген құжаттар топтамасынан өзге артық құжат талап ету немесе заңбұзушылық фактілеріне жол берілмейді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<