Облыстық ғылыми-теориялық конференция

362

0

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында елдігімізді іргелендіріп, тарихымызды ұйытатын,  ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Мақалада көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Себебі бұл біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін бағдарлама деуге де болады.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттау, зерттеу жұмыстарына баулы Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы бастамалары» атты облыстық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.

Аталған конференцияға өңіріміздің 15 колледжінен студенттер қатысып, «Алтын адам», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі және дала фольклоры мен музыканың мың жылы» бағыттары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын ортаға салды. 

Конференция қонақтары тарих ғылымдарының кандидаты У.Ибраев, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы бөлімінің басшысы Ә.Әбдіхалықова жастардың ізденімпаздығы мен жаңашыл идеяларын жоғары бағалап,  ғылыми баяндамаларындағы тың  шешімдер еліміздің рухани өмірінің дамуына серпіліс береді, деп сенімдерін білдірді.

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің

 «Қазақстан тарихы» бірлестігінің оқытушысы

 Г.К. Ибраева

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<