Мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген білім гранттарын заңсыз иелену мен оқуға заңсыз қабылдауды алдын алу мақсатында облыстық және қалалық арнайы мониторингтік топ өкілдері И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінде, М. Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен Қызылорда қаласында орналасқан өзге де колледждерде болды.
Топ өкілдері құжаттар қабылдау комиссияларының жұмысымен танысып, талапкерлерден құжаттар қабылдауға қатысты. Құжат тапсырған үміткерлер тізімін нақтылап, мамандықтар бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізді. Емтихан қабылдау тәртібімен танысып, білім гранттарын бөлуге қоғамдық бақылау шараларын жүргізу мәселесін пысықтады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<