Облыстың бас имамын қабылдады

548

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Дастан Жанасұлы Құрманбаевты қабылдады.

Аудан басшысы кездесу барысында діни ахуалдың тұрақты екенін айтты жəне соңғы жылдары ауданда ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді.

Өз кезегінде облыстың бас имамы Діни Басқарманың игі бастамаларына қолдау білдіріп, жанашырлық танытып келе жатқан аудан басшысына ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Дастан Жанасұлы Құрманбаев «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметіне 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап кіріскен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<