Облыстың спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

649

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

Талдау шеңберінде спорттық іс-шаралар, сыйақылар, спорт тауарлары мен жабдықтарды сатып алу, спорт клубтарын қаржыландыру кезіндегі бюджеттік немесе бюджеттен тыс көздер және басқа да мәселелер қамтылатын болады.

Осыған байланысты аталған мәселелер бойынша ақпаратты, шағымдар мен ұсыныстарды apvo.kzo@mail.ru электрондық мекенжайға немесе 23-06-96 нөміріне хабарласуға болады.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Желтоқсан 156А мекенжайы бойынша «Antikor Ortalygy» алаңы арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<