Облыстың жаңа бас имамы тағайындалды

725

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни және кадр даярлығы бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбековті қабылдап, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Әбуовті жаңа қызметке шығарып салды.

Аймақ басшысы 2018 жылдан бері өңірдің бас имамы қызметін атқарып келген Болатбек Ұласқанұлына сәттілік тілеп, Алғыс хат табыстады.

Облыстың бас имамы лауазымына Дастан Жанасұлы Құрманбаев тағайындалды.

Дастан Жанасұлы 1991 жылы Қызылорда облысында туған. Білімі жоғары, 2014 жылы «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ-ді исламтану мамандығы бойынша бітіріп, әрі қарай осы оқу орнында магистратура, докторантурада білім алған.

Еңбек жолын 2015 жылы аталған университетке қарасты «Әбу Ханифа» ҒЗО-ның кіші ғылыми қызметкері лауазымынан бастады. 2016 жылдан бері Қызылорда облысының мешіттерінде имам, бас имам, бірінші наиб имам болды. Бұған дейін Алматы қаласы Бостандық ауданындағы «Орбита-3» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<