Өрт қауіпсіздігінің алдын алу маңызды

484

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандарда болуы ықтимал өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында құрылған комиссия бүгін Әйтеке би кентіндегі бірқатар ғимараттарға арнайы барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Нақтыласақ, «Намыс-құрылыс» ЖШС, «Ернұр» құрылыс заттары дүкені, №28 «Ақбота» бөбек жай балабақшасы, №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі мен оның жанындағы көпқабатты 6 тұрғын үйдің жылу беру орталығы, «Алтын Орда», «Ақтілек» қонақ үйлерінің өртке қарсы қауіпсіздік шараларын зерттеді.

Сонымен бірге, комиссия мүшелері Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқу ғимараты, асханасы және жатақханасын толығымен қамтып, түсіндірме жұмыстарын жасады.

Комиссия мүшелері аудан әкімінің кеңесші Бахытжан Дүзелбайұлы, Қазалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының орынбасары Шапағат Нұржанұлы, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғалым Сматуллаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Қуаныш Қаражанұлы зерделеген нысандарда анықталған кемшіліктерді қысқа уақыт ішінде қалпына келтіру қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, әлеуметтік нысандарды аралаған комиссия мүшелері табиғи газды тұтынудағы қауіпсіздік ережелер жазылған парақшалар таратылды.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<