Облыстық ауыл әйелдері форумы басталды

799

0

Достық үйінде «Ел дамуындағы әйелдердің рөлі» атты форум басталды. Облыс бойынша 200-ден аса әйелдер жиналды.

Форумның мақсаты — қазіргі әлемдегі әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу.

Модератор тележүргізуші Мейрамгүл Мәдәлі. Алғаш болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Мақпал Тәжмағамбетова сөз алды.

— Ауыл әйелдерінің ою ойып, кілем тоқып қол өнерді дамытып отырғаны қуантады. Әсіресе өз білгендерін басқа әйелдерге тегін үйретіп жатқаны тамаша. Әр әйелде бір-бір кәсіп болса, қалай қуанбасқа. Отбасының жауапкершілігімен қатар, кәсіпті игеруі үлкен жетістік. Қарап отыруға болмайды. Біз әйелдердің мәселелерін де тыңдап, жазып алдық. Жоғары жаққа жеткізетін боламыз. Форумда әйелдердің белсенді тіршілігін көріп қатты қуандым. Айналасыдағы өзге әйелдерге үлгі болып отыр, – деді Мақпал Тәжмағамбетова.

Форум жұмысында түрлі саладағы жауапты мамандар мен кәсіпкерлер сөз сөйлейді. Іс-шараны Amanat партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<