Облыстық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

768

0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті журналистер арасында өткен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жұмыстарын жандандыру, мемлекеттік тілдің өзекті мәселелеріне арналған мақалалар, бағдарламалар арқылы отандастарымыздың танымын кеңейту.

Басқарма басшысының орынбасары А. Қамбаров кіріспе сөз сөйлеп, журналистерді алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Байқауға қатысушылардың материалдарын Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, сарапшы журналист Қ. Есімсейітова бастаған қазылар алқасы сараптаудан өткізді. Сараптау алқасының төрағасы Қаршыға Құрмашқызы мемлекеттік тіл тақырыбына жазылған мақалалардың деңгейі туралы өз пікірін ортаға салды.

Байқау қорытындысымен І орынға «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, жас ақын Ақтөре Ибрагимұлы, ІІ орынға Қазақстанның Құрметті журналисі, Аралдық қаламгер-ардагер Жаңабай Кемал, ІІІ орынға «Жалағаш жаршысы» газеті бас редакторының орынбасары Жазкен Жандос Махмұтұлы лайықты болып табылды. Ал, ынталандыру сыйлығына «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Әшекова Гүлай Әбдуманапқызы, Арал аудандық «Толқын» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Жолдасов Оңталап Жексембайұлы, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Патенова Мақпал Марқабайқызы ие болды.

Байқау жүлдегерлері басқарма басшысының Алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Барша марапат иелерін құттықтай отырып, ұлт мүддесі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!

Облыстық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<