Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірі ұсталды

909

0


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірі ұсталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты COVID-19-дың өңір аумағында таралуына жол бермеу бағытында бөлінген ақша қаражатына медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр «, – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта басшылардың бірі қамауға алынған.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<