Облыстық филиалда жаңа директор

179

0

Фото: автордан

Басқарма төрағасының бұйрығымен Жақсылық Абдусаметов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.

Жақсылық Әбілқасымұлы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Жалпы еңбек өтілі 30 жылдай, оның ішінде 20 жылдан астам басшылық қызметте болған.

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары, кейін басқарма басшысы қызметін атқарды.

«Жақсылық Әбілқасымұлы, қазір Қорда және өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар көп. Өңірдегі мәселелерді жақсы білесіз. Өз тәжірибеңізді жұмысты сапалы деңгейге көтеруге жұмсайтыныңызға сенемін», – деді Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<