Бүгін облыс әкімдігінде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті. Жиында алдымен комиссияның жаңа мүшелері таныстырылып, комиссия төрғасының орынбасары ретінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова енгізілді.
Комиисия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Тұрақты алқа алдымен аймақтағы ана мен бала денсаулығын қорғау туралы атқарылған жұмыстарды тыңдап, алдағы орындалуы тиіс жоспарларды тыңдады. Өңірде ана өлімі өткен жылмен салыстырғанда 44 пайызға азайған.
Алайда бұл көңіл көншітетін цифр емес екендігін, аудандар бойынша тиісті жұмыстардың жүейелі жасалуы қажеттігін комиссия төрағасының орынбасары баса айтты. Сондай-ақ жиында ел Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында тапсырылған «Аңсаған сәби» жобасының облыста жүзеге асырылу барысы туралы айтылды. Басқосуда көтерілген тағы бір өзекті мәселе – орта және шағын бизнестегі әйелдердің үлесі және отбасылық бизнесті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы. Бүгінде аймақта кәсіпкерлік саласы кең қанат жайып келеді.
Соңғы жылдары бизнес субьектілеріне жасалған жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдаулар өз жемісін беруде. Соның нәтижесінде облыста тіркелген 56 мың кәсіпкердің 25 мыңнан астамын әйелдер құрайды. Тиісінше отбасылық бизнесте өрістеп келеді. Ол үшін жыл сайын мемлекеттік гранттар бөлінуде. Жасалған жұмыстарға комиссия тоқмейілсуге болмайтындығын жеткізіп, отбасылық бизнесті дамыту бойынша іс-шара жоспарын бекітуді тапсырды. Сондай-ақ кепілдендірілген несиелер мен қайтарымсыз гранттар туралы түсіндірме жүргізу қажеттігі тапсырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<