Облыстық полиция департаментінің бастығы халыққа есеп берді

711

0

Бүгін «Достық үйінде» Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Жиында департамент бастығы Мұхтар Аманқұлұлы халыққа өткен жылда атқарылған жұмыстар нәтижесін баяндады.

– Облыс көлемінде тіркелген қылмыстар саны 14 пайызға азайған. Мал ұрлығы, бұзақылық саны да айтарлықтай төмендеген. Бұл ретте, Қызылорда облысының ахуалы тұрақты аймақтардың бірі деп атауға толық негіз бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес полицияның негізгі міндеті – халықтың сенімін арттыру. Тәртіп сақшылары мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру біздің мақсатымыз болып табылады, – деді Мұхтар Аманқұлұлы.

Сонымен қатар, бүгінгі жиында Мұхтар Аманқұлұлы қоғамдық тәртіпті сақтау және заңдылықты нығайту жолында азаматтық парызына адалдықпен қарап, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге үлестерін қосып, қырағылық танытқан белсенді облыс тұрғындарын Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.

Облыстық полиция департаментінің бастығы халыққа есеп берді

Сондай-ақ, полиция полковнигі тұрғындардың сауалдарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Тек жиында ғана емес, әлеуметтік желіден кеп түскен сауалдарды да мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер мен өтініштердің бақылауға алынатындығын айтты.

Өз кезегінде, департамент бастығы халықты есірткі және бұзақылықпен бірге күресуге шақырды.

@ Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<