«Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау» әлеуметтікжобасыныңтехникалықерекшелігінесәйкес «Ұлттық құндылықтар және заманауи отбасы психологиясы» тақырыбындағы облыстық психологиялық семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің докторанты, танымал психолог Амзеева Гүлнара Асетқызы жүргізді.
Семинар-тренингтің мақсаты –жас буын өкілдеріне заманауи отбасының ерекшелігін, ондағы құндылықтар жайлы түсіндіру. Семинар-тренингке қатысқандардың арасында отбасын құрған жастар және отбасын құруды жоспарлап жүрген жігіттер мен қыздар бар.
Қазіргі жастардың дүниетанымдық көзқарастардың ішінде алдыңғы саптағы үштікке «Байлыққа қол жеткізу мен өз елінің көркеюі, мемлекеттің қауіпсіздігі,тыныштық пен адамдардың бақыты» секілді құндылықтар кіреді. Қазақстандық жастар сапалы білім алу, қалаған мамандығына қол жеткізу, жақсы маман болу, кез-келген нәрсеге адал еңбекпен қол жеткізу, еркін әрі тәуелсіз болу сынды құндылықтарды өте маңызды деп есептейді. Өкінішке орай, отбасына деген көзқарас жастар үшін басымдық танытар мәселелер қатарында емес. Біздің ойымызша, үлгілі отбасын құру да осы құндылықтар қатарынан орын алуы тиіс. Және отбасын құру мен оны тиімді қалыптастыруда ата-бабамыздан мұра боп келе жатқан, өмірде өзін дәлелдеген ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мәдени қарым-қатынас сынды құндылықтарымыз негізге алынуы тиіс. Біздің жастарымыз осы бастаулардан сусындайды жəне өздерін тəрбиелейді. Отбасын ең əуелі осы қағидалар мен құндылықтарға сəйкесқұруы керек. Семинар-тренингте ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы отбасын құру, оны қалыптастырумәселесі насихатталды. Іс-шара Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен өткізілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<