Облыстық сайлауалды штаб жұмысын бастады

592

0

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық сайлауалды штабы ашылды. Мұндай штабтар Қызылорда қаласы мен аудандарда да жұмысына кірісті.

Жалпы облыс бойынша 149 мүшесі бар 9 сайлауалды штаб құрылған.Қызылорда облысы бойынша сайлауалды штаб жетекшісі Ләйлә Төрешова штаб жұмысыныңресми түрде ашылғандығын хабарлап, барлық партия мүшелеріне сәттілік тіледі. Белгіленген нұсқаулықтармен таныстырды. Сондай-ақ,аймағымыз бойынша барлық штабтардың үгіт-насихат жұмыстарына толық дайындығын атап өтті.

Салтанатты шараға партиялық штаб мүшелері, облыстық мәслихат депутаттығынакандидаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетейік, штабтар жанынан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін құрылған 9 сайлауалды қоғамдық штабтың және ондағы 400-ге жуық партия мүшелерінің жұмысына барлық жағдайлар жасалған. Штабтар жанынан өңірдің жас ұрпақтары арасында белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылған. Оған«Jas Otan» ЖҚ 500-ге жуық белсенділері мен партияның жақтастары тартылған. Штаб құрамына танымал тұлғалардан сенімді өкілдер де тартылған.

-Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депуттарын сайлау науқанына орай аймағымыз бойынша 1128 сенімді тұлға мен партия атынан 710 байқаушылар топтары жасақталды. Олардың қатарында өңірімізге белгілі тұлғалар мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері бар. Сайлауалды үгіт жұмыстары аясында 2500-ден астам іс шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Елдегі карантиндік шектеулерді ескере отырып, көпшілік шаралар онлайн форматта ұйымдастырылмақ,-деді Ләйлә Төрешова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<