Облыстық спартакиада бастау алды

257

0

Салтанатты шараны Шиелі ауданы әкімі Нұржан Ахатов ашып, ауыл спортын дамыту мемлекеттің жіті назарында екендігін, бүгінгі жас спортшы ертең ел намысын қорғайтын нағыз патриот болуы жолында осы сынды спартакиадалар өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айекешов және облыстық мәслихат депутаты, спорт жанашыры, облыстық «Қайсар» СК директоры С.Мұстафа Сырдария ауданында 1986 жылы бастау алған дәстүрлі жарыс тарихына қысқаша тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс барысында дәстүрлі спартакиада алауы жағылды. Спартакиадаға өңіріміздің барлық аудандарынан спортшылар қатысуда. Онда 16 спорт түрі қамтылған: футбол, баскетбол, волейбол, қол күрес, шахмат, асық ату/бес асық, гір спорты, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, гандбол және турникке тартылу. Айта кетейік турникке тартылу биыл спартакиада бағдарламасына тұңғыш рет қосылып отыр.Жарыс 1 қазанға дейін жалғасатын болады. Ендеше, барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шын мықтылар жеңіске жетсін дейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<