Төрт күнге созылған ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2023» ХХХVІ облыстық облыстық спартакиадасы бүгін қорытындыланды.
Спорттың 16 түрін қамтитын бұл бәсекеде аймақтың барлық аудандарының құрама командалары бақ сынасты.
Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және тұрғындар арасында оларды кеңінен тарату, дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл жастарын достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында өткізілген спартакиадаға 1000-нан астам ауыл спортшылары қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларды аудан әкімі Нұржан Ахатов пен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов құттықтап, марапаттарын табыстады.
Жалпыкомандалық есепте І орынды Шиелі ауданының командасы, ІІ орынды Жалағаш ауданы, ІІІ орынды Жаңақорған ауданы жеңіп алды. Сондай-ақ, кезекті спартакиада жалауын Шиелі ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Әзімхан Аруна Өркенқызы Сырдария ауданының мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқаушы Төрәлиев Жеңісбек Үсенұлына табыстады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<