Өлеңнің өрен жүйрігі

558

0

Сурет автордан алынды

Наурызбай ақын киелі,
Даңмұрынның жиені…
Ағытса айдын көл болад.
Ән менен жырдың тиегі.
Өтірікті жақтамай,
Шындықты ғана сүйеді.
Өмірдің өлшеп танабын,
Тек соған басын иеді.
Әлиакбар Жұматаев

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы ауданық мәдениет және спорт бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыуымен «Ұлттық рухани жобасы» аясында, Қармақшы ауданының 95 жылдығына орай Сыр сүлейі, ақын Наурызбай Айтуарұлының 130 жылдығына арналған «ӨЛЕҢНІҢ ӨРЕН ЖҮЙРІГІ…» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Жыр бәйгесіне Қызылорда қаласынан Ғабит Кәдірбай, Тұрар Бекмырзаев, Сырдария ауданынан Бақтөре Айтбаев, Жалағаш ауданынан Қарабалаев Нұрхан, Қармақшы ауданынан Достық Тілеубергенов, Бекқанат Смайылов, Төретам кентінен Мөлдір Тәңірбергеновалар ереже талаптарына сай жүрекжарды төл туындыларын жыр сүйер қауымға тарту етті. Жыр мүәйрасын аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен Дауылбекұлы құттықтау сөзбен ашып, қатысуышларға сәттілік тіледі. Жыр мүшәйрасына арнайы бекітілген қазылар алқасы ақын Алтай Үсенұлы, Наурызбай ақынның ұрпағы, ақын Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, ақын Әділбеков Сырым Смайылұлы төрелік жасады. Жыршы Айгерім Ешбаева, Руслан Өтегеновтер Наурызбай ақынның шығармаларын Сыр мақамдарымен нақышына келтіре орындады.

Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Ғабит Кәдірбай /Қызылорда қаласы/ Бас жүлдеге ие болды. І орынмен Достық Тілеубергенов/Қармақшы ауданы/, ІІ орынмен Тұрар Бекмырзаев /Қызылорда қаласы/, Бекқанат Смайылов /Қармақшы ауданы/, ІІІ орындарды Мөлдір Тәңірбергенова /Төретам кенті/, Бақтөре Айтбаев /Сырдария ауданы/, Қарабалаев Нұрхан /Жалағаш ауданы/ өзара бөлісті.

Қасиетті Қармақшы жерін жырға қосып, баба өнеріне үн қосқан барша ақындар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Адамның қартайған соң сәні кетер,
Хош әуез құйқылжыған әні кетер.
Кеткен соң бойыңнан күш, жағыңнан тіс
Ақ майдың асап жеген дәмі кетер,- деп жырлаған Наурызбай ақынның өшпес өнегелі өлең сөздері ұрпақтан-ұрпаққа саф алтындай жалғас табары анық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<