Өмірдің гүл жайнаған балғындары

632

0

Балаларды қорғау күніне орай қалалық орталықтандырылған жүйеге қарасты №2 балалар кітапханасында «Өмірдің гүл жайнаған балғындары» атты ертенгілік өтті.

Іс-шара барысында «Ләйлім» балабақшасының ересек тобының бүлдіршіндер хоры өнер көрсетті. №222 және №233 мектеп оқушылары да өнерін ортаға салды.

Мерекеге арнайы шақырылған Әбілда Ділназ бен Балмаш Димашқа кітап пен тәттілер сыйға берілді.

Сондай-ақ, қөрермендер арасында ойын өткізіліп, сыйлықтар таратылды. 60 оқырман қатысқан іс-шара соңында барлық балаларға кітапхана атынан балмұздақ пен тәттілер таратылды.

Малика Тұрғантай,

Қорқыт ата атындағы ҚУ студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<