Өмірдің шуағы, тіршіліктің тірегі – Ана

4304

0

Көктемнің шуақты күндеріндей қыз-келіншектердің жып-жылы мерекесі қарсаңында облыс орталығында  «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева, белгілі қоғам қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, тіл жанашыры Асылы Осман, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов және аталған комиссияның мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көпбалалы аналар, ұстаздар, облыстың зиялы қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев форум жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдағы аналардың рөлін ерекше атап өтті.

Өмірдің шуағы, тіршіліктің тірегі – Ана

–    Ана – ол тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Қазақ халқының тәрбиесінде әйел-анаға отбасының сақтаушысы, сұлулық пен адалдықтың белгісі ретінде сый-құрмет әрдайым ерекше болған. Біз үшін жер де – ана, ел де – ана, табиғат та – ана, Отан да – ана, тіл де – ана. Осының бәрі ананың жүрек лүпілімен тұтастықта үйлесім тапқан. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді  тербеткен аналарымызды халқымыз құрмет тұтып, жұмақты ардақты ананың табанының астынан іздеген. Расында ана баласына берген тәрбиесі арқылы жарқын болашақтың қалыптасуына ықпал етеді.

Өткен жылы өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңадан ашылған «Анаға тағзым» орталығында болды. Мұндай орталықтардың жастарға тәлім-тәрбие берудегі маңызын айтып, жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, бүкіл еліміздің аналары бас қосатын тәжірибе алмасу алаңының жұмысын үйлестіруді тапсырды. Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп, өткен жылдың қараша айында алғаш рет «Анаға тағзым» республикалық форумын ұйымдастырдық. Шара қонақтары бұл жиынды дәстүрлі түрде өткізуді ұсынды. Алты Алаштың анасы – қасиетті Сыр өңіріндегі тағылымды шараның жалғасын табуының, дәстүрге айналуының өзіндік символдық мәні бар деп білеміз.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев форум жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдағы аналардың рөлін ерекше атап өтті.

–    Ана – ол тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Қазақ халқының тәрбиесінде әйел-анаға отбасының сақтаушысы, сұлулық пен адалдықтың белгісі ретінде сый-құрмет әрдайым ерекше болған. Біз үшін жер де – ана, ел де – ана, табиғат та – ана, Отан да – ана, тіл де – ана. Осының бәрі ананың жүрек лүпілімен тұтастықта үйлесім тапқан. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді  тербеткен аналарымызды халқымыз құрмет тұтып, жұмақты ардақты ананың табанының астынан іздеген. Расында ана баласына берген тәрбиесі арқылы жарқын болашақтың қалыптасуына ықпал етеді.

Өткен жылы өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңадан ашылған «Анаға тағзым» орталығында болды. Мұндай орталықтардың жастарға тәлім-тәрбие берудегі маңызын айтып, жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, бүкіл еліміздің аналары бас қосатын тәжірибе алмасу алаңының жұмысын үйлестіруді тапсырды. Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп, өткен жылдың қараша айында алғаш рет «Анаға тағзым» республикалық форумын ұйымдастырдық. Шара қонақтары бұл жиынды дәстүрлі түрде өткізуді ұсынды. Алты Алаштың анасы – қасиетті Сыр өңіріндегі тағылымды шараның жалғасын табуының, дәстүрге айналуының өзіндік символдық мәні бар деп білеміз.

Бүгінгі форум Ұлттық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырылды. Мақсаты – үйдегі берекені сақтаушы, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысушы әйел-ананы ардақтау, ерекше мәртебесін құрметтеу сияқты мызғымас дәстүрлі құндылықтардың төңірегіне қоғамды топтастыру. Ұлы даланың ұлы аналарының ізгі жолын дәріптеп, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру. Өткеннің тағылымын жаңа дәуірдің талабымен сабақтастырып, бүгінгі қазақ әйелінің үлгілі бейнесін қалыптастыру, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Біз қай кезде де өткеннен өнеге алып, болашаққа сеніммен қарап, келешекке қызмет етуді парыз санаймыз. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің Сыр өңіріне ерекше қолдауының арқасында аймақта серпінді жобалар жүзеге асуда. Экономиканың барлық негізгі саласында өсімнің нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен аймақтар арасында көшбасшылар қатарынан көріндік. Отбасы саясаты бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Демеушілердің қолдауымен 1 млрд 700 млн теңгеге «Анаға тағзым» орталығы салынып, халық игілігіне берілді, «Отбасы орталығы» өз қызметін бастады.

Жыл басы және жаңару мезгілі – Наурыздан бастап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында биылғы жыл – «Руханият жылы» деп жариялануда. Атаулы жылда тек мәдени-көпшілік шаралар ғана емес, ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Клубтар мен мәдениет үйлері жанынан түрлі бағыттағы шығармашылық үйірмелерді қамтитын «Адал адам» рухани-мәдени орталықтары ашылады. Онда балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім, тәрбие беріледі. Сыр өңірінің руханият кеңістігіндегі бұл бастамалар Мемлекет басшысы ұсынған, әділетті мемлекет пен біртұтас қоғамның берік негізі саналатын «Адал адам» тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор үлесін қосады.

Биыл 7 ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар орталығы, ардагерлер мен аналар үйін біріктіретін «Руханият орталықтары» бір мезетте салынады. Ол үшін облыстық бюджеттен 11 млрд 500 млн теңге қаржы жоспарлануда. Орталықтарда аға буын мен жастар бірлескен жобаларды жүзеге асырады, жас буын үлкендердің ақылын тыңдап, тәжірибе алмасады.

Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы» салынуда.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия кешенді шаралар атқаруда. Өткен жылы комиссия мүшелері барлық аудандарды аралап, тұрғындармен кездесті, психологтардың қатысуымен тренингтер өткізді. Аналарды қолдау және адал еңбекті насихаттау мақсатында Ауыл әйелдерінің форумы ұйымдастырылды. Әкелер одағы құрылып, ер бала тәрбиесіне қатысты жүйелі шаралар атқарылуда. Облыстық Әкелер форумының қорытындысында белсенді азаматтардың пікір алаңы қалыптасты. Барлық мектептерде Әкелер, Аналар кеңестері белсенді жұмыс жасауда. Ұлттық комиссияның тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің отбасы және әйелдер істері жөніндегі уәкілі тағайындалды,– деп атап өтті аймақ басшысы.

Іс-шарада ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева әйел-аналардың ел дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесін атап өтті. Олардың қоғамдағы орнын, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін айтты.

–    Әйел-аналарға арналған бүгінгідей ауқымды шараның өтуіне ұйытқы болып, ұйымдастырып отырған аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлына шын жүректен ризашылығымды білдіре отырып, рахмет айтамын. Шынында, республиканың дамуы, еліміздің өркендеуі ең бірінші кезекте өңірлердің дамуымен, өркендеуімен байланысты. Осы орайда облыс әкімінің қысқа баяндамасынан Сыр елінде ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын байқадық. Қызылордаға осыдан жеті жыл бұрын келген едім, бүгін қаланың адам танымастай болып өзгергенін, өсіп-өркендегенін көріп отырмын. Әсіресе, руханиятқа жасалған жұмыс көз сүйсіндіреді. «Анаға тағзым» орталығының бой көтеруі, бүгінгі форумның өзі аналарға, әйелдерге жасалып жатқан құрмет деуге болады. Өйткені әйел-ана – тіршіліктің нышаны, – деп форум жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Аида Ғалымқызы Ұлттық комиссияның жұмысы туралы баяндады.

– Ұлттық комиссияның құрамында  35 мүшесі бар.  Олар әр облыстан құралған. Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.  Бүгінде отбасы және гендерлік теңдік институтын дамытудың қазақстандық моделі айқындалған 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы іске асыру жалғасуда. Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарға сәйкес, оның қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудағы өзекті мәселелерді пысықтауға шоғырланған. Аталған салада халықаралық көрсеткіштеріміз жақсаруда. Мәселен, гендерлік алшақтық индексі бойынша халықаралық рейтингте Қазақстан былтыр 146 орында болса,  бүгін 62 орынға ие. Отбасылық және гендерлік саясатты алға жылжыту мақсатында Ұлттық комиссия өңірлерде де жұмыс істейді. Биыл комиссияға 25 жыл толып отыр. Осы ретте айта кету керек, Ұлттық комиссияның құрылуына, қалыптасуына, оның жұмысын жандандыруға Сыр елінен шыққан қыздарыңыз Гүлшара Әбдіқалықованың еңбегі зор. Бүгінде біз сол кісінің ізін басып, жұмысын жалғастырып келеміз.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің құқықтық және институционалдық негізі қалыптасты. Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою және теңдікті сақтау бойынша заңнамалық нормалар бар. Экономикалық және саяси тұрғыда қолдау шаралары күшейтілді. Олардың Мемлекеттік қызметтегі және саясаттағы өкілдігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. Осылайша 2023 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі шамамен  56 пайызға жетсе, яғни 45 мыңдай әйел,  олардың  9 мыңнан астамы басшылық қызметте. Өңірлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 20 орталық ашылды.  Адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіліп келеді. Он жыл ішінде еліміз бойынша байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Былтырдан бастап Ұлттық мереке күнтізбесі «Әкелер күні» және «Аналар күнімен» толықтырылды, – деді Аида Балаева.

Жиында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет, «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова және жерлесіміз, белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан сөз сөйлеп, ұлттық, отбасы құндылықтарын жаңғырту, отбасындағы бала, қыз тәрбиесі, ерлі-зайыптылардың отбасы алдындағы жауапкершілігі, әкенің рөлін арттыру туралы ойларын ортаға салды.

– Кезінде Ақтөбе және Жамбыл облыстарында ашылған «Анаға тағзым»  орталықтарының бастамасышы Бердібек Сапарбаев екені белгілі. Сол ұлағатты істің Сыр өңірінде жалғасуының үлкен мәні бар. «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деген. Ана жақсы болса  қоғам да, мемлекет те, өмір де жақсы болады. Ата-ана бойындағы тектілік, адами жақсы қасиеттер балаға беріледі. Одан қалды, ата-ананың отбасындағы іс-әрекеті – балаға үлгі. Мұны қазақ халқы бұрыннан білген. Сондықтан «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп бекер айтпаған. Ұлттық тәрбиеде ата-әженің рөлі қашан да жоғары болған. Мәселен, Абайды Абай еткен кім? Әрине,  әжесі Зеренің тәлім-тәрбиесі.  Бүгінде өкінішке қарай, біз сол ата-әже тәлімінен, тәрбиесінен ажырап бара жатқандаймыз. Осы жағына мән беруіміз керек, – деді Асылы Осман өз сөзінде. 

Ал Атырау облыстық аналар кеңесінің төрайымы Злиха Дүйсекенова ұрпақ тәрбиесі, отбасы құндылықтарын насихаттауда «Анаға тағзым» орталығының маңызы зор екенін тілге тиек етіп, Нұрлыбек Машбекұлының ананы құрметтеудегі істеріне алғыс білдірді. Жасалған жұмыстарды, «Анаға тағзым» орталығын үлгі ретінде өз облысының басшылығына айтып, ұсыныс жасайтын жеткізді.

Форумда Аида Балаева отбасы құндылықтарын үнемі насихаттап, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты белсенді іске асыруға атсалысқан қыз-келіншектерді марапаттады.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<