«Өмірге – «Иә», ал есірткіге – «Жоқ» деп айт»

206

0

Қымбатты достар!

Біз – болашақтың иесіміз. Ал болашақ жарық болуы үшін дұрыс таңдау жасай білуіміз керек. Өмір – баға жетпес сый. Ол қуанышқа, арманға, бақытқа толы болуы тиіс. Бірақ сол өмірге қауіп төндіретін – есірткі.

Есті адам есірткіге жоламас болар! Нашақорлық жарқын болашағыңа жасалған қастандық. Яғни шылым шегу, ішімдік ішу, түбі есірткіге тәуелді етерін  білгеніміз жөн,достар!

Есірткі – тек денсаулықтың емес, адамгершіліктің де жауы. Ол сенің арманыңды, отбасыңды, болашағыңды ұрлайды. Бір сәттік қызығушылықтан бүкіл ғұмырың күлге айналуы мүмкін. 

Есірткінің қандай зат екенін және адам өміріне тигізер кері әсерін бір-бірімізге айта жүрейік! Ең бастысы «Біздің елде- нашақорлық дерті жоқ» деген жаңалықпен бөлісер күнге жетейік! Достарым, Есірткіге «жоқ» деп айтуды бүгіннен, дәл қазірден бастап бірге үйренейік!

Сондықтан біз – өмірді таңдаймыз! 

Біз – білімді, дені сау, саналы ұрпақ болуға ұмтыламыз!

Біз – жақсылыққа, бақытқа, биік армандарға сенеміз! 

Біз – есірткіге үзілді-кесілді «ЖОҚ!» дейміз! 

Өмірге – ИӘ! Есірткіге – ЖОҚ! 

Бұл – біздің ұранымыз, бұл – біздің еркін таңдауымыз!

Айзере Есенбек,

6-сынып оқушысы

№49 орта мектеп,

Шиелі ауданы