Өндірістік кәсіпорында кәсіподақтар кездесуі өтті

575

0

Фото: Облыстық ынтымақ кәсіподағы

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы мүшелік ұйымдарында тұрақты өткізілетін «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында «Қызылордажылуэлектрорталығы» коммуналдық мекемесінде кездесу өтті. Стратегиялық маңызы бар нысандағы еңбек ұжымымен «Yntymaq» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов кездесті.

Кездесуде кәсіпорынның қаржы және экономика бойынша директордың орынбасары Бақытбек Шайкамалов өндіріс орынының жұмыс барысы, ұжымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастары, жұмыс орынындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайлары туралы ақпарат берді. «Ұйымда жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасындағы Ұжымдық шарт аясында жұмыскерлер мүддесіне белгіленген міндеттемелер толық орындалып келеді. Материалдық көмектер, әлеуметтік төлемдер және тағы басқа да қабылданған ережелер бойынша шаралар атқарылуда. Мекемеде 700 жұмыскер жұмыс істейді, оның барлығы кәсіподақ мүшелері болып табылады. Кәсіподақтарды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз» деді кәсіпорын басшысы орынбасары.

«Yntymaq» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов Кәсіподақтар Федерациясымен 2024 жыл Лайықты еңбек жылы болып белгіленіп, осы тұрғыдағы шаралар қатарында бастауыш ұйымдармен тығыз байланыс жалғастырып жүргізілуде екендігін, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек мәселелері тұрақты назарда екендігін айтты.

Салалық кәсіподақ төрағасы саладағы жұмыскерлердің жалақы мәселесі, мекемедегі кадр ағымы жайы туралы бұрын қозғалған мәселелердің шешімін табудағы кәсіподақтар мен кәсіпорын басшылығының бірлескен жұмысы нәтижесін, жұмыскерлер қатарындағы, кәсіподақ белсенділері ішіндегі жастардың көбеюі қуанарлық жайт екендігін атап өтті.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бас маманы Майра Боранбаева жұмыскерлерге еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы ақпаратпен бөлісіп, зиянды және қауіпті жұмыс орындарында жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегін реттеу бойынша заңнамалық түсіндірмелер жасады.

Кездесу соңында өндірістік кәсіпорындағы бірқатар кәсіподақ белсенділеріне кәсіподақтар қозғалысындағы белсенділіктері мен қосқан үлестері үшін алғыс білдіріліп, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Yntymaq» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының мерекелік марапаттары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<