Өнер сапарлары

1389

0

Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі және Сурхандария облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен биылғы 7-8 мамыр аралығында Бойсун ауданының Паданг таулы ауылында өткен Халықаралық ұлттық салт-дәстүрлер мен фольклорлық «Бойсун бахори» фестиваліне «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі қатысып, өнер көрсетті.

Базар жыраудың 180 жылдығына орай 13-15 мамыр аралығында «Жыр керуені» зерттеу танымдық-зерттеу экспедиция бағытында филармония жыраулары А.Бүрлібаев, А.Қуаңбаев, М.Сүгірбай, Ж.Жақсан Өзбекстанға шығармашылық іссапармен барып қайтты.

Экспедицияның алғашқы күні Ташкент, Самарқанд қалаларында Әмір Темір, Жалаңтөс Баһадүр, Төле би бабаларымыздың басына зиярат етуден басталды. Іссапар Новаи қаласының Үшқұдық ауданында жалғасын тапты. Жыраулар жергілікті халықпен кездесіп, кесене ұстасы Төрехан Дәдібаевпен және осы істің бастамашысы болған аудан ақсақалы Абдулла Керуенбаевпен сұхбаттасты. Сонымен қатар, Жалпақтаудың етегіндегі Балқы Базар бабамыздың кесенесіне барып, тағзым етті.

Облыстық филармонияның 50 жылдығы аясында камералық оркестр ұжымы облысаралық шығармашылық және гастрольдік ынтымақтастық туралы меморандум негізінде 17 мамырда Ақтөбе қаласына гастрольдік сапармен барып, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Өнер орталығында» концерт берді. Концерттік бағдарламада республикалық байқаулардың лауреаты А.Иманжапбаров, С.Тасбергенова, А.Табынбаев және фаготшы М.Байымбетов жеке орындауда өнер көрсетті. Ақтөбелік көрермен Сыр өнеріне ерекше қошемет танытты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<