Өнер ұжымы жеңімпаз атанды

420

0

Тараз қаласында өткен «Көне Тараз күмбірі» ІІ Республикалық фольклорлық ансамбльдер байқауында “Дидар” халықтық фольклорлы – этнографиялық ансамблі жүлделі ІІІ орын иеленді.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылды. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 20-ға жуық өнер ансамблі қатысты.

«Конкурс арқылы ұмыт болып бара жатқан бабалар мұрасы қайта жаңғырып, этно-фольклорлық ұжымдардың шығармашылық қарым-қатынасы нығаяды деп білемін. Біздің ансамбль соңғы рет 2019 жылы Түркия және Өзбекстан қалаларында Тұрмағанбет оркестрінің құрамында өнер көрсетті. Карантиннен кейін өнер додасына қайта оралдық. Бұл байқау бізге үлкен тәжірибе болды,-деді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Мүсілім Әмзе.

Айта кетейік, «Дидар» халықтық фольклорлы – этнографиялық ансамблі 2000 жылы наурыз айында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанынан құрылды. Өнер ұжымының бағдарламасында халық ән – күйі, термелері, қазақ халық композиторларының шығармалары мен шетел шығармалары да қамтылған. Ансамбльдің құрамында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің түлектері өнер көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<