Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті.
Жауапты басшылар әлеуметтік газ жеткізу, күзгі егін-терім қорытындысы, қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет және т.б. бойынша қазіргі жағдайды баяндады.
Жуырда өткен облыс әкімінің жеке қабылдауына келген Қызылорда қаласы маңындағы саяжай тұрғындарының мәселелері талқыланды. Аймақ басшысының тапсырмасына орай облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі және сала басшылары барлық саяжайға барып халықпен кездеседі. Алдағы уақытта да шет аймақтағы тұрғындар ұсыныс-пікірі назардан тыс қалмайды.
Мәжілісте аймақ басшысы жылу беру маусымының талапқа сай өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Алдағы мақсат-міндеттерді белгілеп, туындайтын мәселелерді заң аясында реттеуді ескертті. Әсіресе, өңірде салынатын құрылыс нысандарының сапалы болуын, су, электр жарығының үздіксіз берілуін және өзге де көрсетілетін қызметтерді үнемі бақылауда ұстауды міндеттеді.
Қазір қараша айына бөлінген 7,5 мың тонна газ жоспарға сәйкес облысқа күнделікті жеткізілуде. Ахуал тұрақталып, газ еркін сатылуда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<