Өңірлік сауда саласында өсім бар

533

0

Сауда саласы еліміздің экономикасын алға жылжытатын маңызды секторлар қатарында. Ресми деректерге сәйкес жыл басынан бері жалпы сауда көрсеткіші 495,0 млрд. теңгені құрап отыр. Атап айтқанда, бөлшек сауда айналымы 301,8 млрд. теңгені құрап, 101,8% болса, көтерме сауда айналымы 192,2 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде 103%-ды құрап отыр. Ал, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары 994,3 млн. теңгені құрады.

Облыс аумағында жалпы алаңы 205,1 мың шаршы метрді құрайтын 5 600 сауда орны бар. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халқының саны жүз мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаланың аумағында әмбебап сауда базарлары стационарлық сауда объектілер қатарына көшірілуі тиіс.

Осы орайда, қаладағы «Сыбаға», «Сұлтан» және «Асбол» сауда базарлары аумағынан салынатын жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын жаңа сауда үйлерінің экскиздік жобалары әзірленді. Сауда базарларын жаңату жұмыстары 2024 жылы толығымен аяқталып, іске қосу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы жалпы құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын 30 жобаның іске асырылуы жоспарланып жатыр. Қазіргі таңда жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылды.

Облыс аумағында тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған POS-терминалдар саны жыл сайын артып келеді. Биыл шілде айында POS-терминалдар саны 17 436 бірлікке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есе өсім қалыптасты.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста электронды сауда айналымы 1,5 млрд. теңгені құрап, 2020 жылы 4 есе өсім қалыптасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<