Шиелі аудандық №150 қазақ орта мектебінің 6-сынып оқушылары мұражайларға саяхат жасады. Балалар екі мәрте Социалистік еңбек ері, дала академигі Ыбырай Жақаев пен әнші, композитор Нартай Бекежанов атындағы музейлерде болды.
Экскурсияға жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Назарқызы балаларды мұражайға мерекеде ғана емес, тұрақты түрде апарып, өлке тарихымен таныстыру маңызды екенін айтады.
– Мұражай – өткеннің мол мұрасын насихаттап, бүгінге жеткізетін қасиетті орда. Келген қонақтарды қарсы алып, қызметкерлер тарихи жәдігерлердің тарихына тоқталып, шежіресін шертеді. Оқушыларға білім беруде тәрбиені де қатар ала жүру керек. Ең алдымен өз тарихын меңгеріп, аңызға айналған тұлғалар туралы білсе деймін, – дейді ол.
Балаларды тарихи жәдігерлермен танысқан соң ағын киіз үй ішіне топтала жиналып, естелік суретке түсті. Түрлі жәдіргердің тарихына қанық болған оқушылар ұстазымен әсерін бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.
Ердәулет ҚАЛИЕВ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
университетінің І курс студенті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<