«Өрлеу» Қызылордада біліктілік арттыру курстары өтуде

280

0

Фото автордан

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында 2024 жылы 4050 орта білім беру ұйымдары педагогтерінің және 1025 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру жоспарланған. Қазіргі уақытта орта білім бойынша 52,5%, мектепке дейінгі білім бойынша 61% жоспар орындалды.

Осы жоспарды орындау мақсатында Қызылорда облысының білім басқармасымен келісімге сәйкес биылғы жылдың 3-14 маусым аралығында филиалда 11 біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылып, оған 275 тыңдаушы қамтылды. Бұл курстардың барлығы институт ғимаратында өткізілуде. Оған қоса, 27 мамырда басталған 15 біліктілік арттыру курсы (375 тыңдаушы) жалғасуда: 1-еуі институт ғимаратында, 14-і облыстың аудандарында өткізілуде.

Осы 26 біліктілік арттыру курстарының ішінде 20 курс орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған. Оның ішінде, бастауыш сынып мұғалімдеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәні, орыс тілі мен әдебиеті пәні, ағылшын тілі пәні, химия, география пәні, тарих және құқық негіздері пәні, білім берудегі менеджмент бойынша, эмоционалдық интеллект бойынша, математикалық модельдеу бойынша, робототехника және STEM білім беру, кәсіби бағдар бойынша, Алғашқы әскери дайындық және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларына білім жетілдіру курстары өткізілуде.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған 6 курс өткізілуде. Арт-педагогикалық технология бойынша, мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілері, мектепалды даярлық бойынша біліктілік арттыру курстары өткізілуде.

Курс аясында ұстаздар теориялық және практикалық тұрғыдан білімдерін жетілдіреді. Теориялық дәрістерде тыңдаушылар оқушылардың оқу жетістіктерін жаңаша бағалау шарттарымен танысып, семинар сабақтарда білім алушының оқу жетістіктерін жаңаша бағалаудың критерийлері жайлы тәжірибе алмасады. Практикалық сабақтар барысында мұғалімдер белсенді оқытудың әдістері арқылы құзырлылық сабақтарын жоспарлауды, сабақта құзырлылық тапсырмалармен жұмыс жасауды үйренеді.

Өрлеуде біліктілік арттыру курстарында білімдерін жетілдірген барлық ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз!

Бауыржан Елеусінов,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

кәсіби даму институтының директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<