Пәндік курстар басталады

662

0

EdCrunchAcademy-мен бірлесіп өткізілген пәндік құзыреттер шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша Өрлеу оқытушыларының тәжірибе арқылы оқуы аяқталды. Филиалдардың оқытушылары бағдарламалар мен ОӘК құру қағидаларын зерттеді, сонымен бірге олардың негізінде өздерінің авторлық бағдарламаларын жасады.

Жаңартылған мазмұнды енгізілуі Қазақстан мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпалын тигізді: осы уақытқа дейін біліктілікті арттыру курстарының басым көпшілігі әдістемелік сипатқа ие болды. Соңғы жылдардағы ҰБТ нәтижелерін талдау мұғалімдердің көпшілігін де пәндік білімде елеулі олқылықтар бар екенін көрсетті.

ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Өрлеу ҰБТ деректеріне сапалы талдау жүргізді және қиын пәндік тақырыптардың тізбесін қалыптастырды. Ол үшін мұғалімдермен фокус-топтар өткізілді, оқытушылардың бағалауы арқылы нақтыланды. Осылайша терең зерттеуді қажет ететін тақырыптар анықталды.

Оқуға Өрлеудің 70 оқытушысы қатысты. Әзірлеушілер кері дизайн принципі арқылы білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесімен танысты, тестология негіздерін игерді, мақсаттар, міндеттер, күтілетін нәтижелер түзетулерін құрастырды, оқыту нәтижелері негізінде практикалық және бағалау тапсырмаларын жобалауды үйренді.

Математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ және орыс, ағылшын тілдері, тарих және бастауыш сыныптар сияқты 12 пән бойынша тестілік форматта 44 білім беру бағдарламасы әзірленді. Олардың 30-ы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Сараптамалық Кеңесімен келісілді. Жаңа бағдарламаларды дайындау барысында заманауи зерттеу тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар, енгізіліп жатқан бағдарламалар педагогтердің сұраныстарына толық сәйкес келеді.

Пәндік білімдерді оқытуға дайындық процесі басталды. Пәндік құзыреттілікті дамытуға арналған курстар тамыз айында басталады, онда 40 мыңнан астам педагогті оқыту жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<