Өрт қауіпсіздігі қадағалануы тиіс

287

0

Орманды және тоғайлы жерлерде от жағуға, ыдыстар мен қалдық өртеуге болмайды. Белгіленген нормаларға сәйкес, жобаланған өртке карсы қашықтықтың шегінде, ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі 50 метр қашықтықта от жағуға рұқсат етілмейді. Қалдықты жағу арнайы белгіленген орындарда қызметкерлер бақылауымен жүргізілуі тиіс. 

Елді мекендердің аумақтары, өртке қарсы қашықтағы ғимараттар, құрылыстар мен ашық қоймалар сондай-ақ учаскелерге іргелес орналасқан тұрғын үйлер, саяжайлар мен басқа да құрылыстар жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ағаш жапырақтарынан, құрғақ шөптен және т.б тазартылып тұруы қажет.

Әрбір құрылыстың сумен қамтылған болуы тиіс немесе өрт сөндіргіш орнату ұсынылады.

Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<