Өрт сөндіру бекетінің жұмысымен танысты

598

0

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Аманкелді ауылындағы өрт сөндіру бекеті жұмысымен танысты.

Аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты нақты жұмыстар атқарылуда. Осы ретте, 2021 жылы Аманкелді ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті құрылған болатын. Аталған өрт сөндіру бекеті Аманкелді, Жетікөл және Айдарлы елді мекеніндегі өрт оқиғаларынының алдын алуға қатысады.

Өрт сөндіру бекеті жұмысымен танысу барысында арнайы оқу-жаттығу өткізіліп, аудан әкіміне төтенше жағдайға тосқауыл қою бойынша іс-қимыл көрсетілді. Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылды.

Аудан басшысы елді мекендерде төтенше жағдайларды болдырмау бағытында нақты шараларды жүзеге асыру керектігін атап, сала қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Аманкелді елді мекеніндегі өрт сөндіру бекетінде 3 адам жұмыс істейді және өрт сөндіру техникасымен қамтылған.

Сырдария ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<