Өшпес өнеге

483

0

Облыстық білім басқармасы жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымының бастамасымен қаладағы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда Қызылорда қалалық білім беру бөлімін 15 жылдан аса уақыт басқарған Сейітқасым Жүнісовті еске алу кеші өтті. Кешке оның әріптестері мен сыныптастары, жұбайы Ұлтай Балмағанбетова және БАҚ өкілдері қатысты.

Еске алу кешін облыстық білім саласы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ғалым Бекенов ашып, Сейітқасым Баяхметұлының білім саласындағы ерен еңбегі мен өмір жолына тоқталды.

Білікті басшы, дарынды ұйымдастырушы болған С.Жүнісов осы мектепті,  Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдаған. Облыстық білім басқармасында қызмет атқарып, кейіннен Сырдария ауданы мен Қызылорда қалалық білім бөлімдерін басқарған.

Мұнан соң сөз алған №1 Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназия директоры Қ.Изатуллаев Сейітқасым Баяхметұлының басшылығымен өткен республикалық, облыстық семинар-кеңестер туралы айтты.

Өз кезегінде сөз алған сыныптасы Ж.Нұрыкешов, білім саласының ардагерлері Т.Науанов, М.Подольский, О.Қосанов, Г.Оспанова, Р.Байназарова естеліктерін бөлісті. С.Жүнісовтің жары, ардагер-ұстаз Ұ.Балмағанбетова еске алу кешін ұйымдастырған азаматтарға алғыс білдірді. Кеш соңында марқұмның рухына арнап Құран бағышталды. 

«СБ»ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<