Өскеменде 2019 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің қаптамасы құлап, үйдің қабырғасында ойық пайда болды. Оқыс оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Тұрғындардың айтуынша, Момышұлы көшесі 14 мекенжайында орналасқан бұл үйдің сыртқы қабырғасының қаптамасы бұған дейін де бірнеше рет қираған. Бұл туралы YK-news.kz жазды.
«Түнгі сағат үш жарымда сыртқы қабырғаның қаптамасы құлап кетті», – дейді видеороликтің авторы.
Басылымның хабарлауынша, 2020 жылдың желтоқсан айында осы үйдің тұрғындары сыртқы қаптаманың түсіп кете беретінін айтып, шағымданған. Үйдің кейбір қабаттары арасында тіпті жылытқыш материал болмаған. Осы себептен қыста пәтер жылымайтын көрінеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<