Өткен жылғы қылмыстық қаржылық құқық бұзушылықтар

513

0

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты  «Жаңақорған аудандық білім бөлімі» КММ-нің нысандарына аудиторлық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы 2022 жыл бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аудан аймағында орналасқан 12 жалпы білім беру мектептерін қамтыған аталмыш жұмыстар нәтижесінде 552 524 82 мың теңгеге ірі қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Қазіргі уақытта тексеру шараларының материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жоғарыда аталған жалпы сомасынан басқарманың қабылдаған шаралары нәтижесінде негізсіз пайдаланылған 69 431,5 мың теңге қаражат өтеліп, бюджетке кейін қайтарылды.

Қазақстан Респбликасы Қаржы министрлігі

Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің

Қызылорда облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<