Өзбекстанда Қазақстанның мәдени мұрасы насихатталды (видео)

5395

0

Өзбекстанда Қазақстанның мәдени мұрасы насихатталды. Еліміздің белгілі өнерпаздары мен жергілікті қазақ қоғамының өкілдері мерекелік кеш ұйымдастырды. Ташкент саябағында өткен думанға Өзбекстан нарығында 4 жылдан бері жұмыс істейтін қазақстандық қаржы ұйымы демеушілік етті. Келушілер арасында сыйлықтар таратылып, қайырымдылық жасалды.

Ең алдымен құлағы мүкіс және көру қабілеті нашар балғындар қамқорлыққа бөленді. Концерт қонақтары алматылық «Qagan» этно-фьюжн тобының ұлттық әрі заманауи нақыштағы музыкасын тыңдады. Кейін өзбекстандық симфониялық оркестрдің өнерін тамашалады. Екі халықтың арасындағы достық пен бауырластық ұғымы кең көрініс тапты. 

Гүлнора Махкамова, Ташкент тұрғыны:

– Бүгінгі қайырымдылық концерті жоғары деңгейде өтті. Оның барысында сурдоаударма жасалып отырды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасалды. Біз туыс әрі жақын халықтар болсақ та, концертке келіп, сіздердің тұрмыс-салт, дәстүр, киім үлгілермен жақынырақ танысқым келді. Сол тұрғыда бәрі ұнады.  

Концертен соң көпшілік саябақ аумағында тігілген ақшаңқан киіз үйлерге кіріп, ұлттық тағамнан дәм татты. Қолөнер бұйымдарының көрмесі де жергілікті жұрт назарына ұсынылды. 

Данияр Құсанов, Бостандық ауданы музейінің директоры:

– Қазақтың зергерлік бұйымдарын, қолдан жасалған бұйымдарын алып келдім. Мақсатымыз қазақтың салт-дәстүрін көрсету. Біздің мәдениетіміз жоғары болған. Соны кейінгі ұрпақ түсіндіруіміз керек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<