Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасын дамытудың алғышарты мен өзекті деп танылған мәселелерге қатысты 10 нақты тапсырманы айқындап, халықты әлеуметтік тұрғыда қолдаудың тектіктерін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінің жанынан құрылған сарапшылардың қатысуымен ел Президенті атап өткен тапсырмалар талқыланды.
– Мемлекет басшысының қатысуымен өткн Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерілген мәселелер қатарында әр жыл сайын ішкі жалпы өнімді 6 пайызға тұрақты ұлғайту жайы бар. Сондай-ақ, Президент көтерген салық мәселесі де ерекше көңіл аударуға тұрарлық. Экономикалық қарқын бюджет қаражатын тиімді пайдалану арқылы іске асады. Нәтижесінде салықтың жаңа бір жүйесін тиімді жүргізумен өзіміздің жалпы ішкі өнімді арттыруға, кейбір өңірлердің дербес жұмыс жасауына зор мүмкіндік бар – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Философия және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев.
Жүздесу барысында Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы ой-пікірін білдіріп, Президенттің тапсырмасы ел өмірінде маңызды істерді жүзеге асыруға септігін тигізетінін тап өтті.
– Ел Президенті айтқан нақты 10 тапсырма мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды. Соның ішінде аграрлық саланы толыққанды реформалау керектігі де айтылды. Біздің Сыр өңірі аграрлық салада бұрыннан әлеуеті жоғары. Дегенмен, кейінгі жылдарда кездесіп жүрген су тапшылығы мәселесі біздің өңірімізді айналып өтпеді. Осыған байланысты Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, көршілес мемлекеттермен келіссөздер жүргізілуде. Әсіресе жерді лазерлік тегістеуден бастап, шаруашылықтың жұмыстарын цифрландыру бағытындағы жұмыстарға да көп көңіл бөлінуде, – деді ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<