Өзекті мәселелер қаралды

392

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары аудандық мәслихат төрағасы қатысты.

Мәжіліс отырысында биылғы егін науқанына дайындық барысы және белгіленген егістік көлеміне қажетті аяқсу көлемін нақтылау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, инвестиция көлемін арттыру, индустриялды аймаққа белгіленген жерді толықтай игеру мәселесі сөз болып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Жиында мұнан бөлек, аудан әкімінің өкімімен «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» КММ-нің басшысы лауазымына тағайындалған Ақбергенов Жомарт Ақтайұлы таныстырылды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<