Өзенге құлап кетті

731

0

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 наурыз күні сағат 18.00-де Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары 2020 жылы туған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерден) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған сәби суға түсуге жабдықталмаған жерде – үйге жақын маңдағы өзенге құлап кеткен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды», – делінген министрлік мәліметінде.

Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<