Өзгент ауылынан клуб салынады

445

0

Биыл Шалқия кентіндегі клуб халық игілігіне беріледі. Бұған қоса, Өзгент ауылдық округінде 100 орындық клуб үйі салынатын болады. Бүгінде құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлінуде.

– Аудан орталығындағы тарихи – өлкетану музейінің құрылысына жоба-сметалық құжатын жасап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылуда. Қазіргі уақытта ауданда 2 мәдениет үйі мен 27 ауылдық клуб, 3 жылжымалы мәдени демалыс кешендері, 9 халықтық өнер ұжымы, 36 кітапхана аудан халқына қызмет көрсетуде. Өткен жылы мәдениет үйлері 1380 (онлайн) шара өткізді. Елімізге енгізілген төтенше жағдай кезінде күнтізбеде белгіленген атаулы күндер әлеуметтік желі арқылы дәріптелді, – деді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<