«Өзгентте» – жаңа клуб

3569

0

Кеше жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданының «Өзгент» ауылдық округіндегі 150 орындық клубтың ашылу салтанатына қатысты.

– Мәдениет – бұл ұлттың қуаты, рухани болмысы, ақыл-ойы, пайым-парасаты. Ел Президенті ауылдарды дамытуға баса мән беріп келеді.  Мемлекеттің ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес елімізде мәдениет саласын дамытуға қажетті жағдайлар жасалуда. Өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен бағаланады. Еліміздің, туған жеріміздің атын әлемге танытып жүрген талай өнерпаздар ауылдан шыққан. Ауылдың мәдениет үйлерін, клубтарын бүгінгі заманның сұранысына сай жасау аса маңызды. Өздеріңіздің қатысуларыңызбен ашылғалы отырған 150 орындық жаңа мәдениет ошағы өскелең ұрпақты өнерге баулу орталығына айналады деп сенемін, – деді аймақ басшысы.

Іс-шарада қоғам қайраткері, қаржы саласының ардагері Қалқазбек Әжібеков жерлестерін құттықтап, ауыл ардагері Құдайберген Базарбаев алғыс білдіріп, бата берді.               

Жаңа клубтың ашылу рәсімінде бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шара соңында аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен, ақсақалдармен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын талқылады.

Биылғы жылы облыста төрт 150 орындық клуб жаңадан салынып пайдалануға берілуде. Соның ішінде «Ақжол» ауылында спорт кешені, «Жайылмада» 150 орындық клуб ашылса, Қызылорда қаласында отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптейтін «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтары қызметін бастады. 1000 орындық «Өнер орталығының» құрылысы жуырда аяқталып, пайдалануға берілмек. Келер жылы 7 ауданда салтанат сарайы, кітапхана, музей, архив және жастар, ардагерлер мен аналар бас қосатын жаңадан «Руханият» орталықтары салынады. Бұл орталықтарда ұлттық құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүрлеріміз насихатталады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<