Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ЗК-169/5 мекемесінде келіндер сайысы болып өтті. «Түзде – офицер, үйде-келін» атты сайыста түрлі қызметтегі офицер әйелдер бақ сынады.
Сайыста жас келіндер өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Қызмет пен отбасын қатар алып жүрген нәзікжандар қамыр жаю кезеңінде бірінен бірі озды.. Салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Ең қызығы, сүйгенінің сүйікті асын дайындау барысынан әрқайсысы үйден бейнебаян түсіріп әкелген. Бір сәтте бірнеше тағам түрін әзірлеген бесаспап келіншектер көрермен көзайымына айналды.
− Біздің ұжымның қыздары жауапты қызметте жүріп, келіндік міндеттеріне де үлгеріп жүр. Олар білімді, өнерлі, ас дайындаудың да шебері екендерін байқатты. «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді» тербетеді деген. Ұрпақ өрбітіп, олардың тәрбиесіне де көңіл бөледі. Ұжым сайыста әріптестерін жаңа қырынан таныды − деді ЗК-169/5 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Бахыт Наурызбаев.
Сайыс соңында. әділқазылар алқасының шешімімен ЗК-169/5 мекемесінің бөлім бастығы, әділет аға лейтенанты
Гүлмира Асиловаға «Өнегелі келін», осы мекеменің инспекторы, әділет капитаны Самал Насыроваға «Қонақжай келін», кадр саясаты тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты Үрзада Жұмаділдаға «Инабатты келін» номинациясын табыстады.
Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<