Облыс бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығында» тәрбиеші офицерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Қызылорда гарнизонының тәрбиеші офицерлері мен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Шарада тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы, қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары А.Жакипов Қызылорда гарнизонының тәрбиеші офицерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаевтың құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстары органдарын құру тарихы туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, Қызылорда гарнизоны бастығының тәрбие, идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Т.Бәйгебаев тәрбиеші гарнизон бастығы атынан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірқатар тәрбиеші офицерлерін марапаттады.
Жиын соңында концерт тамашаланып, қонақтар «Жастар ресурстық орталығының» тыныс-тіршілігімен танысты.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<