Ойын технологиясы: балалардың қызығушылығын арттыру жолдары

826

0

Қызылорда «Болашақ» университеті «Арнайы педагогика және психология» кафедрасының филиалы орналасқан №1 облыстық балалар оңалту орталығында «Дефектология» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушыларына «Ойын технологиясы: балалардың қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті өткізудің мақсатына білім алушыларға түрлі ойын технологияларын тәжірибеде қолдану тәсілдерін үйрету және сол арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру жолдарын ашып көрсету жатады.

Семинар-тренинг екі бөлім негізінде өтті. Тренинг басталмас бұрын семинар ережелері таныстырылып және сол ережемен бірігіп жұмыс жасау ескертілді. Бірінші бөлімде білім алушыларға ойын технологияларының түрлері, олардың артықшылықтары, жүргізу тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Екінші бөлімде білім алушылармен ойын технологиялары арқылы қалай балалардың қызығушылықтарын арттыруға болатыны тәжірибе жүзінде көрсетілді. Тренингке барлық білім алушылар қызығушылықтарын танытып, өз сұрақтарына жауап алды.

Аталмыш шараны педагогика ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институт жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының мүшесі С.С.Жәнібекова өткізді.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және

дефектологиялық зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<