Ойын терапиясы өтті

430

0

Фото: ҚАЖД

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде психолог мамандарының ұйымдастыруымен психологиялық тренинг өтті.

Тренингте шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар үстел үстінде суреттерді құрастыру арқылы сурет салып, құрастырылған бейне арқылы өз ойларын жеткізеді. Бұл арқылы, жазасын өтеуші азаматтар психологиялық көңіл-күйді жақсартады сонымен қатар, әлеуметтік байланыстарды құрады және көңіл күйі көтеріледі. Мекеменің психолог мамандары күнделікті өздерінің кәсібилік шеберліктерін көрсете отырып, сотталған азаматтар мен тергеудегі азаматтар мен айыпталушы азаматтарды қабылдап, психологиялық тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізіп, әрбір жазасын өтеуші азаматтарға өздерінің пайдасын тигізуге ықпал жасайды.

Айта кетейік жаза өтеу барысында түрлі ойлар адам баласын қажытады. Сондай сәтте, әрбір адам психолог мамандарының көмегіне жүгінеді. Сонымен қатар, өмірге деген құлшыныстары артып, қайта бейімделеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<