Оксфорд университетінің студенттері өз іс-шараларында қол шапалақтауға тыйым салды. Енді студенттік жиындарда қолдау білдіру үшін қол шапалақтаудың орнына адамдар қол бұлғайтын болады, – деп жазады New York Post.
Басылымның хабарлауынша, бұл аутизмі бар немесе басқа да психикалық проблемасы бар студенттерге бұқаралық жиындарға қатысуға мүмкіндік беру үшін жасалған.
«Қол шапалақтаудан бас тартуға дауыс беру қазан айында Оксфорд студенттері кеңесінің жиынында болды. Дегенмен, бұл шешім конвервант БАҚ пен таблоидтар сынын ұлғайтты. Олар Оксфорд университетін өз пікірін тыныштықта еркін білдіру мүмкіндігімен құттықтады» деп жазады басылым.
Айта кету керек, Ұлыбританияның Ұлттық студенттер кеңесі 2015 жылдан бастап іс шараларда қол шапалақтамауға шақырып келеді. Ал 2018 жылы қыркүйек айында Манчестер университеті де қол шапалақтауға тыйым салып, интернетте үлкен пікірталас туғызған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<