2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 314 білім ордасы бақ сынасты. Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды 4 мектеп, 2-орынды 9 мектеп, 3-орынды 14 мектеп иеленді. Рейтинг арнайы формула бойынша шығарылды. Алтын медаль 3 балға, күміс – 2 балға және қола – 1 балға бағаланады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<