Олжа салған қос оғлан

2627

0

«Баласы бәйгеге шапса, анасы тақымын қысады» деген. Айтыс ақтаңгерлері Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Сұлтанханның сөз сайысы  жолында жүргенін білетін жұртшылықтың жеңіс тілеп, жол тосып отырғаны рас еді.

Олжа салған қос оғлан

Енді, міне, екі жүйрік те аламанның алдына түсіп келді.

«Алтын домбыра» сыйлығының үш рет мәрте жеңімпазы Мұхтар Ниязов Науаи облысында өткен Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған халықаралық айтыста бас бәйгені бөктеріп, темір тұлпар иеленді. Ал Мейірбек Сұлтанхан Ұлытауда өткен республикалық айтыста бас бәйге алып, автокөлік олжалады.

Олжа салған оғландарымыз ұлт өнерінің өрін аласартпай, Сыр елінің атын тағы бір асқақтатты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<