Он үш ұйым арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткен

651

0

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ҚР СЖРА ҰСБ Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Облыста өткен жылы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнінде 13 ұйым, cоның ішінде: 8 стационарлық үлгідегі ұйымдар және 4 жартылай стационарлық үлгідегі, уақытша болу ұйымдардан – 1 ұйымдар есепке алынған.
Жыл соңына осы ұйымдарда тіркелген адамдар саны – 1105, соның ішінде әйелдері – 363 (32,9%) құрады. Стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі
ұйымдарда – 862 адам немесе 78,0%, жартылай стационарлық үлгіде – 197 адам немесе 17,8%, уақытша болу ұйымдарында 46 адам немесе 4,2% құрады.
Жыл соңында тұратындардың (қызмет көрсетілетін) жалпы санынан жасы бойынша зейнеткерлер – 171 адам немесе 15,5%, жалғыз басты туыссыздар – 31 адам немесе 2,8%, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар – 88 адам немесе 8,0%, оның ішінде мемлекеттік меншік шартымен тұратындар – 1105 адам немесе 100% тіркелген.
Жыл соңындағы тұратындар (қызмет көрсетілетін) санында мүгедектігі бар адамдар 697, соның ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған – 96 адам (13,8%), психикасы бұзылған және мінез-құлқы бұзылған мүгедектер – 562 адамды (80,6%) құрады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<